
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдау өткізді, оның барысында тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты өтініштер қаралды.
Азаматтар ыстық су мен электр қуатының үзілуі, құжаттамадағы және құрылыс қауіпсіздігіндегі бұзушылықтар, апатты үйдегі тұрғын үй жағдайы, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша шағымдарымен жүгінді.
Барлық түскен өтініштер мұқият қаралып, жұмысқа қабылданды. Әрбір өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жолданып, олар белгіленген тәртіппен қаралады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықпен жүйелі әрі ашық жұмыс жүргізуді, соның ішінде тұрақты жеке қабылдаулар өткізу арқылы шешімдердің ашықтығын, тиімділігін және азаматтардың өмір сапасын арттыруды жалғастыруда.