ОТӨ Реестрі жөніндегі вебинар

ОТӨ Реестрі жөніндегі вебинар

2025 жылдың 13 қарашасында, сағат 10:00-де (Астана уақытымен) қазақстандық тауар өндірушілер Реестрі жөнінде кәсіпкерлерге арналған кезекті оқыту вебинары өтеді.

Вебинар тақырыбы – Реестрге қосылу үшін өтінімді беруге дайындық барысы, қадамдық нұсқаулық.  

Спикер: Жансая Жақыпова, «QazIndustry» АҚ дирекциясы басшысы.

ОТӨ Реестрі жөніндегі мұндай онлайн семинарлар жыл соңына дейін, әр бейсенбі сайын өткізілетін болады. Мақсаты – отандық кәсіпкерлерге жаңа мемлекеттік цифрлық сервисті тез меңгеруге көмектесу.

Вебинарлардың жазбалары онлайн қолжетімді. Алдағы вебинарлардың анонстары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен QazIndustry сайтына жарияланып отырады.

Zoom конференциясына қосылу сілтемесі (13 қараша, сағат 10:00):
🔗 https://zoom.us/j/94563374692?pwd=LMW4rrp1EArFqVi895HfenqNj6dlcs.1

Конференция идентификаторы: 945 6337 4692

Қатысу коды: 368061