Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы қолданыстағы Қағидаларға өзгерістер енгізіледі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы қолданыстағы Қағидаларға өзгерістер енгізіледі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі № 24 «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялайды.

ҚР жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкес келтіру мақсатында, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістен жеке табыс салығын ұстаудан босатуды көздейті.

Екінші деңгейдегі банктер зейнетақы жинақтарын қарызды пайдаланғаны үшін сыйақыны өтеуге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу ретінде емес, атап айтқанда - негізгі борышты өтеуге пайдаланады.

Осылайша, банктер алдындағы борыштық жүктемені азайту үшін негізгі қарызды өтеу не ай сайынғы төлемді азайту не ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит мерзімін қысқарту ұсынылады.

Бұйрықтың жобасы 2025 жылғы 6 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15645038