
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Бейжің қаласында өткен «Қытай — Орталық Азия: құрылыс саласындағы ынтымақтастық» конференциясына қатысты.
Бағдарлама аясында «Ыңғайлы тұрғын үй мен тұрақты ақылды қала үшін технологиялар: құрылыс саласындағы озық тәжірибе мен технологиялар алмасу» атты конференция және «Қытай — Орталық Азия: құрылыс технологиялары мен индустриясы мәселелері» атты кездесу өтті. Іс-шаралар Xinjiang Plaza алаңында ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ инновациялық және «жасыл» технологияларды енгізуге, құрылыс саласын цифрландыру мен жаңғырту тәжірибесімен алмасуға бағытталды.
Қазақстанның конференцияға қатысуы бірлескен жобаларды дамытуға, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға және серіктестік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді.