Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Облыс тұрғындары қазақстандық «Зенит» АҚ кеме жасау зауытын жекешелендіруге, сондай-ақ қазақстандық өндірушілерді ҚТӨ реестріне енгізуге қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Одан бөлек, сумен жабдықтау және ағынды су желілерін салу және жөндеуге кепілдік мерзімдері, құрылыс жобаларын пайдалануға беру кезінде аккредиттелген зертханаларда сынақтан өткізу тақырыптары талқыланды.
Вице-министр әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріп, оларды шешу үшін қабылданатын тиісті шаралар кешенін анықтады.