
2025 жылғы 6 қарашада «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да (ҚТҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «Тұрғын үй секторында энергия тиімділігі мен аумақты кешенді дамыту» форумы өтті.
ҚТК Q88 аумақтарды орнықты дамыту қауымдастығымен, DENA Неміс энергетикалық агенттігінің және Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) серіктестерімен бірлесіп, қалаларды кешенді дамыту, энергия тиімді құрылыс және аумақтық дамуды басқару процестерін цифрландыру мәселелерін талқылау үшін кәсіби алаң құруға бастамашы болды.
Форум жұмысына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, квазимемлекеттік компаниялар, зерттеу институттары, жобалау агенттіктері, құрылыс компаниялары, БАҚ өкілдері қатысты.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Алтай Күздібаев құттықтау сөз сөйлеп, аумақтарды дамытуға және қалалық ортаны басқаруда заманауи талдамалық құралдарды енгізуге кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
Форум бағдарламасы екі панельдік сессиядан құралды:
Талқылау барысында Мемградкадастр, Қазақстанның жобалау компаниялары одағы, DENA Неміс энергетикалық агенттігі, Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ), «Шаңырақ» қауымдастығы, сондай-ақ «ҚТК» АҚ және басқа да ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Ғимараттарды декарбонизациялау, энергияны үнемдейтін технологиялар, муниципалды жылумен жабдықтау, тұрақты Құрылыс және тұрғын үй жобаларының көміртегі ізін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2023 жылы тиісті министрлікпен бірлесе отырып, ҚТК халықаралық тәжірибені бейімдеп, аумақтарды кешенді дамыту (АКД) стандарттарын әзірледі. Бұл құжат алғаш рет кеңістіктік жоспарлауды әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерімен байланыстырады. Биыл біз жаңа қолдау құралын – аумақты кешенді игеруді қаржыландыруды іске қостық. Бұл құрал нүктелік құрылысты емес, аумақтарды жүйелі түрде дамытуды көздейді. Бүгінгі басты міндет – әрбір жобаның азаматтарымыз үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру қағидаттарына сай жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, - деді өз сөзінде ҚТК Басқарма Төрағасы Алтай Күздібаев.
Іс-шара мемлекеттік құрылымдар, сарапшылар мен бизнес арасындағы жайлы және экологиялық таза қалалық ортаны құруға бағытталған кәсіби диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды.