
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа мемлекеттік цифрлық сервис – қазақстандық тауар өндірушілер Реестріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Арнайы бизнес өкілдері үшін бірнеше байланыс арналары ашылды. ОТӨ Реестріне қатысты сұрақтарға министрліктің 1465 тегін нөмірі арқылы жұмыс істейтін call-орталығы, e-Otinish порталы арқылы және e-ondiris@mps.gov.kz электрондық поштасы арқылы жауап беріледі.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтында қазақстандық тауар өндірушілер Реестріне арналған жеке бөлім ашылып, онда жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен түсіндірме материалдар орналастырылды.
Қазақстандық тауар өндірушілер Реестрі – тауарлардың отандық шығу тегін растауға арналған мемлекеттік цифрлық сервис. Жүйе ашықтық пен цифрлық верификация қағидаттарына негізделген және кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларын алуын және реттелетін сатып алуларға қатысуын жеңілдете түседі. Онлайн-кеңес беру арналарын құру арқылы бизнеспен бүркемесіз ашық диалог құрылады, бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жүйелі жұмысының бір бөлігі.