
2025 жылдың 29 қазанында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов пен Финляндия бизнес делегациясы арасында кездесу өтті.
Фин делегациясының құрамына Metso (тау-кен қазу өнеркәсібі), Valtra (ауыл шаруашылығы техникасын өндіру), Peikko (құрылыс индустриясы) сияқты жетекші компаниялардың және Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі басқа да кәсіпорындардың өкілдері кірді.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ фин технологияларын және жабдықтарын Қазақстанда жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады.
Инновациялық және экологиялық тұрақты шешімдерді енгізуге, өнеркәсіптік инжиниринг саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға және бірлескен өндірістік жобаларды әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған сындарлы диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен Финляндия арасындағы серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.