Республика күнімен құттықтау!

Республика күнімен құттықтау!

Құрметті отандастар!

Сіздерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан Республика күнімен құттықтаймыз! Бұл біздің мемлекеттігімізді, егемендігімізді айшықтай түсетін маңызды мереке. Біздің халқымыздың осы жолдағы ерік-жігері мен өркендеуге деген ұмтылысын айшықтай түсетін күн.

Бүгінде біз ел дамуындағы жарқын жетістіктерімізді мақтанышпен еске аламыз. Сол жетістіктердің артында әрбір азаматтың адал еңбегі тұр. Алып зауыттар мен өндіріс орындары, жаңа құрылыстар мен инфрақұрылымдар –мұның бәрі де халқымыздың маңдай тері мен қажырлы еңбегінің жемісі.
Әрбір азаматтың еңбегі – қуатты, өркендеген Қазақстанның іргетасына қаланған үлес.

Еліміздің өнеркәсіп қуаты артып, қалаларымыз көркейе берсін! Жаңа жобалар мен игі бастамалар көбейіп, ортақ мақсатымыз – жасампаз Қазақстанның жарқын болашағы жолында табысқа жете берейік!
Баршаңызға береке, бірлік пен жаңа жетістіктер тілеймін!