Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Республика күніне орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде салтанатты іс-шара өткізді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлердің қажырлы еңбегі мен жетістіктерін атап өтті.

«Мемлекеттік марапаттар мен медальдармен марапатталған сала қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдіргім келеді. Бұл марапаттар сіздердің еңбектеріңіздің, кәсібиліктеріңіздің және адалдығыңыздың мойындалуы», — атап өтті вице-министр.

Іс—шара барысында Иран Шархан мемлекеттік және ведомстволық марапаттар мен медальдарды табыс етті.

Министрліктің 45 қызметкері «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл», «Еуразия экономикасына 10 жыл» медальдары – мемлекеттік, II дәрежелі «Еңбек даңқы», III дәрежелі «Еңбек даңқы», «Құрметті құрылысшы», «Заң саласының үздігі» және «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық марапаттарға, сондай-ақ «Құрмет» грамоталарына ие болды.