Қуандық Қажкенов Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қуандық Қажкенов Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов халықтың мәселелерін шешуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Ұлытау аймағының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар тұрғын үй, субсидиялар, сумен жабдықтау және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Құрылыс сапасы мен қаланы абаттандыру тақырыптары да талқыланды.

Қуандық Қажкенов Министрліктің облыс үшін өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, тұрғындармен кері байланыстың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша жауапты бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.