Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру: вице-министр Жәннат Дүбірова China Telecom компаниясымен кездесті

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру: вице-министр Жәннат Дүбірова China Telecom компаниясымен кездесті

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту ұлттық жобасы аясында China Telecom вице-президенті Sun Feng-пен кездесті.

Кездесудің мақсаты – «ақылды қала» тұжырымдамасын басқарудың озық технологияларын зерттеу және сынау және оларды Қазақстанда іс жүзінде қолдану.

Тараптар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту мен салуда тәжірибе алмасу және заманауи телекоммуникациялық шешімдерді енгізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Бұл шешімдердің кейбірін қазірдің өзінде China Telecom «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-мен бірлесіп сынақтан өткізуде.

Сумен жабдықтау жүйелерінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға, қалалық инфрақұрылымды басқаруға, азаматтардың өмір сүруіне жайлы және қауіпсіз ортаны құруға ерекше назар аударылатын болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрландырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және нарық талаптарын қанағаттандыру үшін China Telecom Қазақстанда деректер орталығын салу мүмкіндігін қарастыруда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өз тарапынан учаскені таңдауға, қажетті коммуникацияларды қамтамасыз етуге және техникалық талаптарды үйлестіруге көмектесетін болады.