Абай облысында мемлекеттік тұрғын үй қолдау бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлерге өтініш қабылдау басталды

Абай облысында мемлекеттік тұрғын үй қолдау бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлерге өтініш қабылдау басталды

Абай облысының тұрғындары Семей қаласы, Қарағайлы шағын ауданында орналасқан «№58Е көппәтерлі тұрғын үйден» пәтер сатып алуға өтініш бере алады. «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталуда.

Нысан сипаттамасы:

- Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Қарағайлы ш/а, 58Е үй

- 1 м² бағасы: 250 000 теңге (таза әрлеуде)

- Пәтерлердің жалпы саны: 72

 1 бөлмелі – 18 пәтер (41,4 м²-ге дейін)

 2 бөлмелі – 36 пәтер (52,7–59,1 м² дейін)

 3 бөлмелі – 18 пәтер (64,5 м²-ге дейін)

Конкурс кезеңі:

Өтініштерді қабылдау: 2025 жылғы 20-27 қазан аралығында

Қатысушыларды іріктеу: 2025 жылғы 28 қазанда

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылған күніне қарай жүргізіледі. Егер есепке қою күні бірдей болса, шешуші фактор – Otbasybank.kz порталы арқылы өтініш берген күн мен уақыт болады.

Өтінішті тек Otbasybank.kz порталы арқылы беруге болады.