Рудныйда ыстық брикеттелген темір өндіретінзауыт салу жоспарланған. Болашақта ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт Орта Азиядағы жаңа буынды «жасыл» ірі металлургиялық нысандарының біріне айналмақ. Мұнда металдығы93%, құрамындағы темір үлесі 90%-дан жоғарыөнім алу көздеген. Нәтижесінде Қазақстан жаһандық болат құю нарығына шығып, бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа түрін ұсына алады.
Eurasian Resources Group (ERG) PrimetalsTechnologies Austria GmbH (Австрия) және MidrexTechnologies Inc. (АҚШ) компанияларының консорциумымен стратегиялық келісімшарт жасасты. Келісімшарт зауыт құрылысының жобасы аясында егжей-тегжейлі инжиниринг, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу және бірқатар қызметтерді көрсетуді көзделіп отыр.
Жобаны Midrex процесі бойынша темірді тікелей қалпына келтірудің озық технологияларына сүйене отырып іске асыру жоспарланған. Бұрын бар дәстүрлі домна өндірісінен гөрі бұл экологиялық тұрғыдан анағұрлым ұтымды. Кокстың орнына мұнда табиғи газ пайдаланылады. Зауыт «ССКӨБ» АҚ өндірген тотыққан темір кенішекемтастарын өңдеп, болашақ болат құю цехынаыстық биркеттелген өнім бере алады.
– Мемлекет басшысы Жолдауда терең өңделген, отандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім өндірісі – басым бағыт екенін атапкөрсетті. Бүгін осы консорциуммен жасалған келісім шарт – Қазақстандағы металлургия саласындамыту мен ондағы ERG-дің көшбасшылығын нығайта түсетін стратегиялық қадам, – атап өттіERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Басатқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.
Ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты жобасын Топтың еншілес кәсіпорны – «QazIronERG» ЖШС іске асырады. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 2 млн тонна. Жобаға құйылатын жалпы инвестиция көлемі – 655 млрд. теңге. Өндірісті 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр. 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
–MIDREX Flex шешімдері – кеннен темір өндірудің ең экологиялық таза технологиясы. Дәстүрлі әдіспен салыстырар болсақ, ол көміртегіізін 50% төмендетуге мүмкідік береді, – дедіPrimetals Technologies компаниясының вице-президенті әрі жаһандық Upstream құрылымының жетекшісі Андреас Фибек.