2025 жылғы 17 қазанда Астанада өткен Digital Tañba форумында Вице-министр Жәннат Дүбірова цифрлық таңбалаудың қазақстандық өндірісті дамытудағы стратегиялық маңызына тоқталды.
«Цифрлық таңбалау отандық тауар өндірушілер үшін жосықсыз бәсекелестікті жойып, өз өнімін теңдей ережелер жағдайында нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылар мен экспорттық нарық тарапынан сенімді ұлғайта түседі. Ең бастысы, таңбалау адал өндірушінің ішкі нарықта ғана емес, сыртта да, оның ішінде ЕАЭО аясында бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды», – деді Жаннат Дүбірова.
Жүйені енгізу барысындағы сәтті қадамдардың бірі ретінде — аяқ киім өнімдерін таңбалауды айтуға болады. Барлығы 22 компания оның ішінде өндірушілер, импорттаушылар мен маркетплейстер қатысқан пилоттық жоба (2019–2020 жж) сәтті аяқталған соң, 2021 жылдың қараша айынан бастап жүйе міндетті қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта жүйеде 4 700-ден астам қатысушы тіркелген, ал таңбаланған өнім көлемі 145 миллион бірліктен асады. Нәтижесінде көлеңкелі айналымның үлесі төмендеп, адал бәсекелестік арта түсті.
Қазақстан ЕАЭО мүше мемлекеттерімен таңбалау кодтарын өзара тану тетігін де енгізді, бұл отандық өнім экспортына оң әсер етті.
Министрлік цифрлық таңбалауды енгізу барысында бастапқы кезеңнен-ақ бақылау және қолдау шараларын теңгерімді тәсілде ұстанып келеді. Мәселен, аяқ киім таңбалауды енгізу барысында отандық өндірушілерге қаржылық және әкімшілік қолдау көрсетілді. Таңбалауға кеткен шығынның 50% өтелді, тауар қалдықтарына арналған таңбалау кодтары тегін беріліп, атрибутивтік талаптарды жеңілдету және декларацияларды растау мерзімі ұзарды, сондай-ақ ЕАЭО елдері арасында кодтарды өзара тану тетігі енгізілді. Бұл қадамдар мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген жағдайда таңбалау жүйесі өндірісті дамытудың драйверіне айналатынын көрсетті.
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Осы пилоттық жобалардан кейін Ведомствоаралық комиссия міндетті таңбалауды енгізуді мақұлдады.
Қазіргі таңда Министрлік цифрлық таңбалау жүйесін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрмыстық химия өнімдерін, тағамдық қоспаларды, дериваттарды, газ баллондарын және ағашты таңбалау бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда.
Жүйені кеңейту адал бәсекелестікті нығайтуға, тауар ағынының ашықтығын арттыруға, отандық өндірушілер үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға бағытталған.