Көптеген кәсіпорындар үшін өндірісті жаңғыртунегізгі мәселелердің бірі болып отыр. Заманауитехнологиялық желілер мен шетелдік жабдықтардысатып алу шағын және орта бизнес үшінайтарлықтай қаржылық шығынды қажет етеді.
Ақмола облысының Бұланды ауданындағы Макинск қаласында орналасқан «TAS-Production» компаниясы мемлекеттік ынталандырушараларының тиімді нәтижесін көрсететін жақсы мысал. Кәсіпорын көрсетілген қолдау арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, өндірісті жаңғырту бағытында да нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
Кәсіпорын құрылыс материалдарын – кірпіш, жиектастар және бетон бұйымдарын шығарады. Қазіргі уақытта цехта 15 адам жұмыс істейді. Өндірістік қуаты ай сайын 20–30 мың дана кірпіш өндіруге мүмкіндік береді.
Буланды ауданының халқы көп болмаса да (шамамен 15 мың адам), мұнда құрылыс материалдарына сұраныс жоғары. Ауданда құс фабрикасы, жылу оқшаулау зауыты және өсімдік майын өндіретін зауыт сияқты қала құраушы кәсіпорындар орналасқан. Олар өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр, ал жергілікті кәсіпкерлер мал шаруашылығын дамытып келеді.
«Өндіріс қуатын арттырып, өнімге деген сұраныстың өсуін қамтамасыз ету үшін біз 18 миллион теңгеге құм блоктарын шығаратын технологиялық желі сатып алдық», – дейді «TAS-Production» ЖШС директоры Абдраманов Руслан. - Бұл біздің дамуымыз үшін маңызды қадам болды. Жаңа желі жоғары сапалы өнім көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекет кәсіпорындардың шығындарын өтеуге көмектесетінін білген соң, біз QazIndustry орталығына жүгіндік. Дәл осы кезеңде мемлекеттік ынталандыру шаралары үлкен қолдау көрсетті. Технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған 7,2 миллион теңге өтелді, бұл жобаның қаржылық жүктемесін айтарлықтай жеңілдетті».
Жаңа жабдықтың орнатылуы озық технологияларды пайдалана отырып құрылыс материалдарын өндіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оның іске қосылуы қосымша жұмыс орындарының ашылуына жол ашты. Енді компания жергілікті құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты өсуіне байланысты өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.
Осылайша, шығындарды өтеу түріндегі ынталандыру шаралары бизнестің өз күшімен жүзеге асыра алмайтын немесе әлдеқайда баяу іске асыратын технологиялық дамуды жеделдетудің негізгі тетігіне айналуда.