ERG құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытында №5 жентектеупешіндегі сүзгі жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарыаяқталды. Мұнда электрсүзгілердің орнына электродтар мен жеңді сүзгілер секцияларынан тұратын гибридті сүзгілер орнатылған. Шаң-тозаңға толы ауа алдымен электростатикалық секцияда тазартылады, содан кейін оны толық тазарту үшін жеңді сүзгілер орналасқан бөлімге бағыттайды.
Бірінші жарты жылдықта №9 жаңа сүзгі орнатылған. Ал жақында ғана №10 гибридті сүзгінің 72 сағаттық тәжірибелік-өндірістік сынақтары аяқталды.Зертханалық бақылау нәтижелері бойынша екі сүзгіде де тозаңданудың қалдық деңгейі 1 мг/м³-тен төмен болды. Бұл – тазарту деңгейінің 99,99%-дан да жоғары екенін көрсетеді.
Павлодар алюминий зауытындағы жентектеу пештеріндегі шаң-газ тазарту жүйелерін жаңғырту жұмыстары ERG-дің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Экологиялық стратегиясы аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. «Қазақстан алюминийі» АҚ-дағы бұл жоба атмосфераға шығатын қатты заттар көлемін 50%-дан астам азайтады.
2020 жылы мұнда №1 пештің екі электросүзгісі гибридті сүзгілерге ауыстырылған. Жобаға құйылғанинвестиция көлемі – шамамен 3,8 миллиард теңге.
2024 жылдың ортасында №4 пешке жаңа №7 және №8 сүзгілер орнатылды. №5 пештегі жаңғырту жұмыстарымен қоса, инвестиция көлемі 19 млрд теңгеден асты. №4 және №5 пештердің шығарындылары екінші мұржа арқылы шығарылатындықтан, жаңғырту нәтижесі көзге бірден түседі – енді мұржадан түтін емес, тек түссіз бу шығады.
– ERG компаниясы гибридті сүзгілерді орнатуға қатысты келісімшартты Германияның өнеркәсіптік газды тазарту саласындағы жетекші серіктесі — ThyssenKrupp компаниясымен жасасты. Барлық сүзгі жүйелері қолжетімді ең үздік технологиялар негізінде әзірленген. Өндірістік пайдалану нәтижелері көрсеткендей, өндірістік шығарындыларды қатты бөлшектерден тазарту тиімділігі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген қолданыстағы нормаларға толық сәйкес келеді және еуропалық стандарттар деңгейіне жетеді, – деді «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның бас экологы МақсұтЖақыпов.
Жобаға сәйкес, 2026–2027 жылдары №6 пеш сүзгілерін жаңғырту жұмыстары да жоспарланған.
Компания мамандарының есебінше, ауқымды жаңғырту жұмыстары әрбір сүзгі бойынша ауаға тарайтын қатты заттардың жылдық эмиссия көлемін мың тоннадан астам мөлшерге немесе 99% дейін азайтуға мүмкіндік береді.
ERG 2018 жылы 2030 жылға дейінгі Экологиялық стратегиясын әзірлеп, оны сәтті жүзеге асырып келеді.Ол тау-кен өндірісі, металлургия және энергетика сияқты негізгі қызмет бағыттарының барлығын қамтыған. Топ қатты заттар шығарындыларын жоғары стандарттарға сай біртіндеп азайтып келеді және қазір олардың мөлшерін 15%-ға дейін қысқартты. ERG Экологиялық стратегиясы жобаларына 282 млрд теңге инвестиция құяды.