Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі CRIRSCO халықаралық стандарттары бойынша сандық жер қойнауын есепке алу жүйесін дамытып жатыр

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі CRIRSCO халықаралық стандарттары бойынша сандық жер қойнауын есепке алу жүйесін дамытып жатыр

Қазақстанда CRIRSCO халықаралық стандарттарын енгізудің онжылдығына арналған конференцияға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты. Шараны KAZRC қауымдастығы, ПОНЭН және Жер және тау-кен ісі мектебі ұйымдастырды. Конференцияға мемлекеттік органдар, бизнес және ғылыми қауымдастықтан 130-дан астам қатысушы жиналды.

Эксперттердің басты талқылау тақырыбы – стандарттарды қолданудың нәтижелері мен тау-кен секторын дамытудағы жаңа бағыттар болды.

CRIRSCO (Committee for Mineral Reserves International Reporting Standards) халықаралық стандарттар жүйесі – минералдық ресурстар мен қоры туралы деректерді бағалау және жариялау қағидаларын реттейтін жүйе. Бұл жүйе инвесторлар, компаниялар және мемлекеттік органдар үшін терминология мен ұғымдардың бірегей базасын ұсынады, соның арқасында деректерге сенім арту және оларды әлем бойынша салыстыру жеңілдейді.

Конференцияға қатысушыларға сәлемдесу сөзін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров жолдады.

Геология комитетінің төраға орынбасары Марғұлан Байбатыров пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алу жүйесін цифрландыру туралы баяндады. 2024 жылғы 23 қазандағы Үкіметтің №874 қаулысына сәйкес, министрлік пайдалы қазбаларды өндіру және барлау деректерін мемлекеттік есепке алу жүйесіне интеграциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы негізде Министрлік мемлекеттік органдарға, бизнеске және ғылымға ыңғайлы Біріккен сандық жер қойнауын кадастрын қалыптастырады.

2019-2025 жылдары мемлекеттік балансқа алғаш рет 86 кен орны енгізілді. Біркелкі есеп стандарттарын енгізу және деректерді цифрландыру нәтижесінде тіркелген қорлар артты. Мысалы, алтын қоры – 151 тонна, мыс – 15 млн тонна, мырыш – 206 мың тонна, қорғасын – 132 мың тонна, темір – 2 млн тонна, марганец – 11 мың тонна өсті.

Бағдарламаның жеке бөлігінде Мемлекеттік пайдалы қазбалар қоры комиссиясының жұмысы қарастырылды. Сондай-ақ инновациялар, ESG күн тәртібі, мамандарды дайындау және ғылым мен өндірістің ынтымақтастығы талқыланды.

Геология комитетінің төрағасы атынан конференцияда KAZRC және CRIRSCO стандарттарын Қазақстанда енгізуде ерекше еңбегі үшін ПОНЭН кәсіби бірлестігі төрағасы Георгий Фрейманға алғыс хат табыс етілді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геологиялық салада нормативтік базаны жетілдіру, деректерді цифрландыру және ашықтықты арттыру жұмыстарын жалғастыра береді.