14 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері бұл бастаманы қолдап, барша азаматтар үшін таза және жақсы қоршаған ортаны құруға үлес қосу үшін сенбіліктерге қатысты.
Мұндай іс-шараларға қатысу елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, қызметкерлердің ұжымдық рухын нығайтады.
Біз барша қазақстандықтарды акцияға қосылып, қалаларымыздың экологиясы мен тазалығын сақтауға үлес қосуға шақырамыз.