Өнеркәсіп және құрылыс министрі Dynamic Aviation басшылығымен кездесті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Dynamic Aviation басшылығымен кездесті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Dynamic Aviation бас директоры Майкл Столцфуспен кездесті.

Компания – толық картаға түсіру үшін жетілдірілген сенсорлар мен гиперспектрлік жүйелерді пайдалана отырып, аэрофототүсірілімде және жоғары дәлдіктегі деректерді өңдеуде әлемдік көшбасшы.

Тараптар озық тәжірибе алмасуға баса назар аудара отырып, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша әріптестікті дамытуға өзара міндеттеме бекітілді.