Азаматтарды қабылдау: Тұрғын үй, қала құрылысы, отандық өнеркәсіп

Азаматтарды қабылдау: Тұрғын үй, қала құрылысы, отандық өнеркәсіп

Астана, 2025 жылғы 2 қазан. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтардың қабылдауын өткізді. Іс-шарада сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үйге кезекке тұру мәселелері, сондай-ақ отандық өндірісті дамыту және еліміздің металлургиялық кешенін кеңейту бойынша ұсыныстар айтылды.

«Үкімет халықпен және бизнеспен тікелей диалогты дәйекті түрде құруда. Біз қала құрылысы бойынша шешімдердің ашықтығына, тұрғын үй рәсімдерін жеделдетуге және өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға баса назар аударамыз. Әрбір өтініш — салалық саясатты дұрыс реттеуге және отандық өндірушілерді қолдауға көмектесетін нақты сигнал», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Қабылдау барысында Ерсайын Нағаспаев қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, белсенді азаматтық ұстанымдары үшін қатысушыларға алғысын білдірді.