Жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасында алтын және басқа да ресурстар бойынша аукцион өтті

Жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасында алтын және басқа да ресурстар бойынша аукцион өтті

Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға құқық беруге арналған аукцион ұйымдастырылды

Ашықтық пен мөлдірлік: ЖБП-да алтын және басқа да ресурстар бойынша аукцион өткізілді

Minerals.e-qazyna.kz Жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасында Қазақстанның Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Жамбыл және Жетісу облыстарында орналасқан 20 алтын, асбест, марганец, қорғасын және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға құқық беруге электронды аукцион өткізілді.

Аукционға жалпы 30-дан астам компания қатысты. Компаниялар тарапынан бекітілген келісімшарттық сыйлықақыны 20 жұмыс күні ішінде төлеу қажет.

Сонымен қатар, 15 жер қойнауы бойынша өтінімдер болмағандықтан аукцион өткізілмеді. Бұл жер қойнаулары бойынша аукцион қайта жарияланатын болады.

Жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасы 2025 жылдың басынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылды. Платформа арқылы барлық геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізуге мүмкіндік бар. Платформада 20-дан астам мемлекеттік қызмет сандық форматқа көшірілді. Бірыңғай платформа арқасында іздестіру немесе өндіруге өтінім беруден бастап аукцион өткізу және лицензия беру процесі толық цифрлық және біртұтас форматта жүзеге асырылады.

Платформада барлық геологиялық есептер, қолданылған дереккөздердің тізімдері және басқа ақпараттар тіркелген. Интерактивті карта арқылы әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар сұралған учаске жайлы толық ақпарат алады — инфрақұрылымнан бастап геологиялық және геофизикалық есептерге дейін. Интерактивті картада бұрыннан жер қойнауын пайдалану үшін берілген барлық учаскелер көрсетілген, сондай-ақ аукционға қолжетімді учаскелерді орналастыруға мүмкіндік бар. Енді инвесторлар делдалсыз тікелей порталға кіріп, қажетті учаскені таңдап, аукционға қатысуға өтінім бере алады.