Отырыста өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және Одақтың басым салаларында бірлескен бастамаларды бастау бойынша практикалық қадамдар талқыланды.
Отырыстың күн тәртібінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау тетігін жүзеге асыру, азаматтық авиақұрылыс, кеме жасау, теміржол жылжымалы құрамы мен жолаушылар доңғалақты көліктерін шығару салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
Ынтымақтастық жобалары арқылы байланыс пен навигацияның жұмыс құралы ретінде қызмет ететін «ЕАЭО өнеркәсібі» тақырыптық порталын құруға ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша министрлер өнеркәсіптік интеграцияны дамыту бойынша алдағы қадамдар туралы келісті. Қазақстандық тарап Одақ аясындағы байланыстарды нығайтуға және ұлттық өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін растады.
Анықтама үшін:
ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат кеңесі салалық жол карталары мен қаржыландыру тетіктерін қоса алғанда, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық жобалары мен өнеркәсіпті қолдау құралдарын үйлестіруге арналған үкіметаралық алаң болып табылады.