Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Машина жасаушылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтіп, ардагерлер мен саланың үздік мамандарына құрмет көрсетілді. Бұл кәсіби мереке Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланады.
Министр Ерсайын Нағаспаев құттықтау сөз сөйледі. Отандық зауыттар ондаған мың автомобильдер, жүздеген вагондар, тракторлар мен комбайндар, локомотивтер, ондаған мың аккумуляторлар, тұрмыстық техника, километр кабельдер мен сымдар және т.б. шығарылғанын атап өтті.
«Биыл жаңа өнім шығару және зауыттарды жаңғырту бойынша 20-дан астам жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Бұл нәтижелер сіздердің жетістіктеріңіз. Машина жасаушылардың кәсібилігі, табандылығы мен жауапкершілігі Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін нығайтып, болашаққа жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді министр Нағаспаев.
Кәсіби мерекеге орай 28 сала өкілі мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды.
16 жұмысшы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен – 4, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен – 3, «Құрметті машина жасаушы» ведомстволық наградасымен – 1 қызметкер марапатталды.