Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 200-ге жуық қызметкері жалпықалалық сенбілікке шықты.
Жұмыстар Ботаникалық бақ аумағында жүргізілді. Қатысушылар қаланы көркейту үшін күш біріктіріп, қоқыстарды тазартып, көшелерді ретке келтірді.
Мұндай іс-шараларға қатысу табиғатқа деген қамқорлық танытып қана қоймай, қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Министрлік экологиялық жағдайды жақсарту бойынша науқандарға қолдау көрсетуді жалғастырады және қазақстандықтарды осындай бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.