Қазақстан мен Үндістан: өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге бағытталған

Қазақстан мен Үндістан: өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге бағытталған

Астана, 2025 жылғы 19 қыркүйек.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын және инвестициялық жобаларды белсендіруді атап өтіп, екіжақты өнеркәсіптік ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ тау-кен саласындағы ынтымақтастық, бірлескен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық бастамалар, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша белсенді диалогты жалғастыру және Қазақстан мен Үндістан арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық саласындағы жаңа бастамаларды дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама үшін:
2024 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы $974,9 млн құрады (Қазақстанның экспорты $464,2 млн, ал Үндістанның импорты $510,7 млн болды). 2005 жылдан бері Үндістанның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясы 500 миллион доллардан асты.