Өнеркәсіпті цифрландыруға арналған Demo Day 25 қыркүйек күні өтеді

Өнеркәсіпті цифрландыруға арналған Demo Day 25 қыркүйек күні өтеді

Бұған дейін 23 қыркүйекке жоспарланған Demo Day іс-шарасы 25 қыркүйекке ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы және Astana Hub бірлесіп ұйымдастырады. Шара Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында қолданылатын жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы практикалық шешімдерді таныстыруға бағытталған.

Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басшылығы қатысады деп күтілуде.  Demo Day алаңына ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің, QazIndustry, жетекші өнеркәсіптік және IT-компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Astana Hub резиденттері қатысады.

Шарада өнеркәсіп саласында жасанды интеллектіні дамыту мәселелері талқыланып, өнеркәсіптік талдау мен болжамдар ұсынылады, сондай-ақ кәсіпорындардағы ЖИ енгізудің табысты кейстері көрсетіледі.

Demo Day аясында елдің өнеркәсіптік секторына ЖИ енгізуді дамытуға бағытталған Жол картасына қол қою жоспарлануда.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Demo Day Astana Hub алаңында, Мәңгілік Ел даңғылы, С4.6 блогы мекенжайы бойынша өтеді.

Басталуы – сағат 11:00-де.

Тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://form.astanahub.com/form/view/238993

Бұған дейін тіркеуден өткендерге қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Барлық сұрақтар бойынша +7 771 244 8134 (Айжан Серікпаева) телефонына хабарласыңыз.