Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде қызметкерлерге арналған жалпы оқыту аясында ведомство жанындағы Қоғамдық кеңестің қызметі мен оның мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл тәртібіне арналған семинар өтті.
Қоғамдық кеңес азаматтық қоғам өкілдерін, сарапшыларды және мемлекеттік органдарды біріктіреді. Ол 2023 жылғы 1 желтоқсанда құрылған және құрамында 17 мүше бар, олардың басым бөлігі – қоғам өкілдері мен сарапшылар. Кеңес отырыстары ашық түрде өткізіліп, Министрлік құзыретіндегі салалар бойынша қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға, нормативтік құқықтық актілер жобаларын және бастамаларды қарау үшін маңызды алаң болып табылады.
Министрлікте атап өтілгендей, Қоғамдық кеңеспен ынтымақтастық ашықтықты арттырып қана қоймай, қабылданатын шешімдерді азаматтардың сұраныстарына бағдарланған әрі сапалы етеді.