Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 14,6%-ға артты

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 14,6%-ға артты

Қазақстанда резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі артып келеді. 2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша елде 262,8 млрд теңгеге өнім өндірілген. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6 %-ға жоғары.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ТМК және химия саласын дамыту дирекцияның мәліметінше, өсім негізінен пластмасса тақталары, табақтар, құбырлар мен профильдер өндірісінің 42,9 %-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ құрылысқа арналған пластмасса бұйымдары – 21,8 %-ға, өзге пластмасса бұйымдары – 14,2 %-ға, тауарларға арналған пластмасса қаптамалары – 11,0 %-ға, өзге резеңке бұйымдары – 7,5 %-ға, резеңке шиналар – 2,6 %-ға артқан. Өнімнің нақты көлем индексі 104,0%-ды құрады.

Экспортқа жалпы құны $155,8 млн болатын 31,3 мың тонна резеңке және пластмасса өнімдері жіберілді.

Айта кетейік, есепті кезеңде резеңке және пластмасса бұйымдарының ең көп көлемін Алматы облысының (20,3%), Қарағанды облысының (14,3%), Астана қаласы (13,5%), Алматы қаласы (11,7%) және Ақтөбе облысының (7,4%) кәсіпорындары өндірді.