Қостанай облысы әкімдігінде ҚР Өнеркісңп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Танжариковтың төрағалығымен қалалық аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға кешенді көзқарас және урбанистика бағытындағы семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға орталық атқарушы органдар мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кеңес барысында кешенді абаттандыру, көгалдандыру, урбанистиканы дамыту және қалалық ортаның сапасын арттыру, сондай-ақ тәжірибелік шешімдер бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Құздыбаев Қостанай қаласындағы құрылыс тығыздығы, көлік инфрақұрылымы және даму әлеуеті бойынша кешенді зерттеу материалдарын таныстырды. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Исенбаев қалада жүзеге асырылып жатқан қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған урбанистикалық жобалар туралы хабарлады.
Сапар барысында вице-министр «Шағала» жағалауын, Триатлон паркін және «Ұлы дала» саябағын аралады.
Вице-министрдің жұмыс сапарының мақсаты – урбанистика, абаттандыру және жайлы қалалық орта құру саласында орталық және өңірлік билік органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.