Мерейтойлық Mining & Metals Central Asia және Kazcomak 2025 көрмелері Алматыда 30 елден 500-ден астам компанияны біріктіреді

Мерейтойлық Mining & Metals Central Asia және Kazcomak 2025 көрмелері Алматыда 30 елден 500-ден астам компанияны біріктіреді

17-19 қыркүйек аралығында «Атакент» ҚІЫО-да 30-шы мерейтойлық Орталық Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining & Metals Central Asia 2025 көрмесі және 21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» - Kazcomak 2025 көрмесі өтеді.

Биылғы жылы іс-шаралар 30 елден 515 компанияны біріктіреді, олардың ішінде Австралия, Австрия, Бельгия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Нидерланды, Жаңа Зеландия, БАӘ, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Корея және ОАР бар. Австрия, Ұлыбритания, Германия, Иран, Қытай, Ресей, Түркияның ұлттық стендтері Қазақстан көрме алаңындағы халықаралық қатысудың өсуін айқын көрсетеді. 68 жаңа экспоненттер (жалпы санның 13%) дебютанттар болады, бұл көрменің жаңа ойыншылар үшін стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Көрменің мазмұнды іскерлік бағдарламасын мемлекеттік органдардың өкілдері, тәжірибелі сарапшылар, ірі салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері арасынан ондаған спикерлер қамтамасыз етеді. 17 қыркүйекте «ГМК-ның басты мәселелері: қазақстандық мазмұн, инвестициялар, технологиялар, логистика, халықаралық серіктестік» тақырыбында Пленарлық отырыс өтеді, онда қатысушылар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, кәсіпорындарды цифрландыру және технологиялық жаңғырту, қазақстандық мазмұнды дамыту, жаңа логистикалық маршруттар мен жеткізу тізбектерін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты талқылайды. Бұдан басқа, Kcell компаниясы (AI аймағының серіктесі) Almaty Hub-пен бірлесіп Demo Day өткізеді — стартаптар мен әзірлеушілер үшін бірегей алаң, онда олар өз шешімдерін индустрия көшбасшыларына тікелей ұсына алады және пилоттық жобаларды іске қоса алады. Сондай-ақ, көрменің бірінші күнінің мазмұнына практикалық семинарлар кіреді: CiDRA Minerals Processing Inc (Испания), NLT EUROPE (ОАР), Epiroc, Proftec және Қазақстандық Тау-кен палатасының Дөңгелек үстелі.

18 қыркүйекте «ГМК-ның заманауи сын-қатерлеріне арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер» тақырыбында Панельдік кейс-сессия өтеді. Composit компаниясы «Кен орындарындағы абразивті тозуға қарсы тиімді шешімдер» тақырыбында арнайы жабық семинар өткізеді. Көрменің іскерлік бағдарламасын Герман Ассоциациясының Симпозиумы және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың жобаларын таныстыру сессиясы аяқтайды.

Mining & Metals Central Asia және Kazcomak көрмелері жаңа серіктестіктерді қалыптастыруға, инновациялық шешімдерді енгізуге және тау-кен саласының негізгі міндеттерін шешуге ықпал ете отырып, саланың маңызды оқиғасы болып қала береді.

Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», РҚБ «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» (ТМКҚ).

 

Көрмелер туралы толық ақпаратты ресми сайттардан алуға болады: www.miningworld.kz , www.kazcomak.kz