Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өтті

Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өтті

Министрлікте Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, атап айтқанда, құмар ойындары мен (немесе) бәс тігуге қатысуға байланысты шектеулерді бұзудың алдын алу мақсатында Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Сыздыковaның жұмысы аясында жоспарланған семинар өтті.
«Мемлекеттік және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің құмар ойындарға тәуелділігінің алдын алу және белгілерін анықтаудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы семинарды «Мәңгілік» қорының жетекшісі, PhD Айдос Ерболұлы Ибрагим жүргізіп, психология мен HR-талдауды ұштастырған әдістемені таныстырды.

Семинар барысында жаңа профилактикалық тәсілдерді енгізу тек тәуекел белгілері бар қызметкерлерді уақтылы анықтауға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдар жұмысына қатысты репутациялық шығындар мен сыни қателіктердің алдын алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Кешенді әдістеме психологиялық және HR-құралдарды үйлестіре отырып, ұжымның психологиялық әл-ауқатын сақтауда және кадрлық әлеуетті нығайтуда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.

Іс-шара барысында МТС РМ Құмар ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетінің Мониторинг және профилактика басқармасының өкілі А. Жолжан мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін ставкаларға қатысқаны үшін жұмыстан босатылғандар жөніндегі статистиканы қоса алғанда, құқықтық қырларын да түсіндірді.

Министрлікте көрсетілген заңнамалық шектеуді бұзудың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылды, әрі бұл жұмыс қызметкерлерді кеңінен қамту арқылы жүйелі түрде жалғасын табатын болады.