Астанада өнеркәсіпті цифрландыруға арналған Demo Day өтеді

Астанада өнеркәсіпті цифрландыруға арналған Demo Day өтеді

23 қыркүйек күні Astana Hub алаңында өнеркәсіпті цифрландыруға арналған Demo Day өтеді. Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы және Astana Hub бірлесіп ұйымдастырады. Шара Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында қолданылатын жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы практикалық шешімдерді таныстыруға бағытталған.

Іс-шараға ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің өкілдері, «QazIndustry» АҚ, жетекші өнеркәсіптік және IT компаниялар, сондай-ақ Astana Hub резиденттері қатысады.

Demo Day алаңында өнеркәсіп саласында жасанды интеллектіні дамыту мәселелері талқыланады. Қатысушылар өндірістік саясатты іске асыру үшін қажетті ақпаратты жинау мен өңдеу үдерістерін автоматтандыруға арналған цифрлық шешімдерді қарастырады, салалық аналитикамен және даму болжамдарымен алмасады. Сондай-ақ қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жасанды интеллектіні енгізудің табысты тәжірибелері таныстырылады.

Іс-шарада Industrial AI Accelerator бағдарламасы таныстырылады. Бұл бағдарлама жасанды интеллектке негізделген шешімдерді өнеркәсіпке енгізуге бағытталған. Ол ірі кәсіпорындар мен IT-мамандарды біріктіріп, пилоттық жобаларды іске қосуға, жаңа технологияларды нақты өндірісте сынақтан өткізуге және табысты жасанды интеллект жобаларын кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды https://form.astanahub.com/form/view/238993 арқылы тіркеуден өтіп, аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз! Басталуы сағат 15:00-де.

Барлық сұрақтар бойынша +7 771 244 8134 нөміріне хабарласыңыз (Айжан Серікпаева).