2025 жылдың 12 қыркүйегінде «Бірлік» партиясы аумақтық филиалының ұйымдастыруымен «Қоғам дамуының бірлігі – елдің ұлттық құндылықтары» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.
Іс-шараға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігінің командалары қатысты.
Тартысты интеллектуалды пікірталастың қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің командасы жеңіске жетті, оның құрамында қызметкерлер: Сабыр Молдағалиев, Нұрсұлтан Самарқанов, Расул Нәжмидин бар.
Қазылар алқасының құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «АМАНАТ» партиясының өкілдері болды, олар қатысушылардың дәлелдерінің жоғары дайындық деңгейін және мазмұндылығын атап өтті.
Турнир жеңімпаздарын ҚР ӨҚМ аппарат басшысы Айгүл Кенжебаева құттықтады – «Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін, табыстарыңыз мол болсын!».
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар ашық пікірталас мәдениетін дамытуға, мемлекеттік қызметшілер арасында аналитикалық ойлауды қалыптастыруға және бөлімдер арасындағы диалогты нығайтуға ықпал ететінін баса айтты.