2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттік қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заңның ережелері алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң, яғни 2025 жылғы қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.
Заңның негізгі мақсаты – тұрғындарға таңдау құқығын беру, ашықтықты арттыру және жалпы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру.
Осылайша, Заң:
- пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметін реттейді;
- көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару нысанынан қарапайым серіктестік нысанын алып тастайды;
- МИБ пен басқарушы компанияларға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау функцияларын біріктіруге мүмкіндік береді;
- тұрғын үй инспекциясының қызметін кеңейтеді. Заң жылыту маусымына инженерлік желілер мен жабдықтарды дайындау жөніндегі іс-шараларға, мүмкіндігі шектеулі адамдар, өртке қарсы жүйелер үшін лифтілер мен көтергіштерді тиісінше пайдалану бойынша бақылау, кондоминиум объектісін басқару нысандары және басқару субъектілері бойынша үйлердің тізілімін, сондай-ақ басқару субъектілерінің тізілімін жүргізу, олар туралы ЖАО интернет-ресурсында ақпарат жариялау қарастырылған.
Бұдан басқа, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне түзетулер енгізілді:
- ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарын ашу мерзімдерін бұзғаны және ай сайынғы және жылдық есептерді ұсынғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату;
- құрылыс салушының тұрғын үй заңнамасында көзделген құжаттарды меншік иелерінің өкіліне ұсынбағаны үшін жауапкершілік белгілеу.
Салық кодексіне түзетулер пәтер иелері кооперативтеріне салық салу тәртібін белгілеуді, атап айтқанда оларды коммерциялық емес ұйымдарға жатқызуды, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтерін ҚҚС төлеуден босатуды көздейді.