Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төраға орынбасары Нұрсұлтан Керемкулов Израильдің мемлекеттік су компаниясы «Mekorot» делегациясымен кездесу өткізді.
Тараптар сумен жабдықтау және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, суды тұщыландыру, тазарту және қайта пайдалану бойынша озық технологияларды енгізу тәжірибесін, сондай-ақ су инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады.
Mekorot – Израиль Мемлекетінің ұлттық су компаниясы және су жабдықтау саласындағы әлемдік жетекші операторлардың бірі. Компания бірыңғай интеграцияланған оператор ретінде бүкіл су жабдықтау циклін қамтиды: суды өндіру, тұщыландыру, сарқынды суларды тазарту және қайта пайдалану, сақтау, тасымалдау, сапаны бақылау және бөлу.
Кездесу нәтижесінде тараптар су ресурстарын тиімді басқару және заманауи технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Израильдік «Mekorot» компаниясының тәжірибесі Қазақстанның су саласындағы инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқаруы мүмкін.