Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Корея Республикасы делегациясымен кездесті

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Корея Республикасы делегациясымен кездесті

2025 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Корея Республикасы делегациясымен кездесті. Делегация құрамына Корея технологияларды дамыту институтының өкілдері кірді.

Кездесу барысында Қазақстандағы лифт өнеркәсібінде зерттеу және әзірлемелер паркін (R&D) құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіптің өзге салаларында сынақ зертханаларын ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Жобаның бастамашысы – лифт өндіруші әрі технологияларды трансферлеу саласындағы стратегиялық әріптес болып табылатын Оңтүстік Кореяның Ofe Co., Ltd компаниясы.

Жоба Алматы қаласында лифтілерді сынақтан өткізу және сертификаттауға арналған заманауи R&D орталығын салуды көздейді. Аталған бастама екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстан экономикасының өсуіне және ұлттық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттің дамуына ықпал етеді.