Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның «Көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттар жүйесі» ақпараттық жүйесі қызметіне тарифтерді бекіту туралы өтініші бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Тыңдау 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11:00-де Астана қаласы уақытымен өтеді.
Осыған байланысты аталған қызметтерге арналған тарифтер жобасын талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшыларды және табиғи монополия субъектілерін шақырамыз.
Тыңдаулар Qosyl қосымшасы арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Қатысушыларға сілтеме түрінде жіберіледі.
Талқылауға қатысқысы келетіндер тіркелу үшін +7 (700) 202-11-01 телефонына хабарласа алады немесе өтініштерін 87479617596@mail.ru электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Қатысуға өтініштер 2025 жылдың 11 қыркүйегіне дейін, сағат 10:00-ден 17:00 аралығында қабылданады.