«Қашар кені» АҚ-нда Hitachi автоөзіаударғыштарын жөндеуге арналған екінші бокс ашылды

«Қашар кені» АҚ-нда Hitachi автоөзіаударғыштарын жөндеуге арналған екінші бокс ашылды

ERG құрамындғы «Қашар кені» АҚ өндірістік алаңында Eurasian Machinery өкілдері Hitachi техникасына қызмет көрсету мен жөндеудің заманауи цехын іске қосты. Жаңа нысан жүк көтерімділігі 220 тонна Hitachi ЕН4000 карьерлік өзіаударғыштар паркінің жұмысын одан әрі тиімді қолдауға мүмкіндік береді. Мұнда осындай 42 арнайы техника бар. Бұл «алыптар» тәулік бойы орасан зор көлемде кен тасымалдап, кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштеріне септеседі.

2 мың шаршы метрден асатын ғимарат бір уақытта үш өзіаударғышқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ішінде қажеттінің бәрі қарастырылған: диагностика және регламенттік жұмыстар аймағы, күрделі жөндеуге арналған алаң, тораптар мен бөлшектерді тез ауыстыруға арналған учаске, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу алдында міндетті кезең болып табылатын мамандандырылған жуу. Бокс инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі – жүк көтерімділігі 20 тонна төрттағанды кран. Ол тез және қауіпсіз көтеруге және техниканың ірі тораптарын жылжытуға мүмкіндік береді.

Карьерлік техникаға қызмет көрсететін мамандар үшін тарату модульдері, Кеңсе және тұрмыстық орынжайларға дейін техникалық сұйықтықтарға ыңғайлы, қолжетімді, заманауи еңбек жағдайлары жасалды. Мұнда экологиялық таза ағынды суларды тазарту жүйесі де жұмыс істейді.

– Озық техниканы енгізу және сервистік базаны дамыту – өнімділікке тікелей әсер ететін стратегиялық міндет. Екінші бокс – жөндеу алаңы ғана емес, біздің техника паркінің сенімділігі мен кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етудегі маңызды қадам, - деп атап айтты «Қашар кені» АҚ-ның Бас директоры Георгий Литовченко.

2024 жылдың қазан айында «Қашар кені» АҚ мен «Eurasian Machinery» ЖШС арасында жаңа бокс салуға қатысты шарт жасалған. Жобаны іске асыру MARC-келісімшарт (Maintenance and Repair Contract) аясында жүзеге асырылды. Ол ресми жеткізушінің техникаға қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтиды. Бұл сервистің жоғары сапасына және барлық қажетті ресурстармен уақтылы қамтамасыз етілуіне кепіл береді.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат  ресми телеграм-арнамызда