Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік осал топтардың құқықтарын сақтау, уәкілетті органдардың әрекеттерінің заңдылығы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысты сауалдарын қойды.
Азаматтар, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әкімшілік істерді қарау кезінде рәсімдердің сақталуы, өңірлерде «Реновация» бағдарламасының орындалуы, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру және оның құнын әділ қалыптастыру мәселелерін көтерді.
Вице-министр министрліктің халықпен ашық диалог орнатуға дайын екенін және азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін тұрақты кездесулерді жалғастыратынын атап өтті.