«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы 9 қабатты ірі панельді тұрғын үйге вибродинамикалық сынақ жүргізуде.
Зерттеудің негізгі мақсаты – ғимараттың сенімділігін және сейсмикалық жүктемелер кезіндегі мінез-құлқын тексеру.
Сынақ барысында тербелістің нақты параметрлері тіркеліп, есептік деректермен салыстылатын болады. Негізгі көтергіш конструкциялардың динамикалық әсерлер кезіндегі жұмысы зерттеліп, ғимараттың 7–8 баллдық жер сілкінісіне төзімділігі бағаланады.
Нысанға динамикалық жүктемелер В-3 типті инерциялық әсер ететін вибромашина арқылы беріледі. Бұл сейсмикалық әсерлерді барынша дәл модельдеуге мүмкіндік береді.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ институты В-3 типті вибромашинаны пайдалана отырып, Қазақстанда және ТМД елдерінде ондаған нысандарға сынақ жүргізгенін айта кеткен жөн.
Қазіргі уақытта аталған ғимаратты зерттеу жалғасуда.