Өнеркәсіп және құрылыс министрі Конституцияның 30 жылдығына орай мерейтойлық марапаттарды табыс етті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Конституцияның 30 жылдығына орай мерейтойлық марапаттарды табыс етті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев министрліктің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мерейтойлық медальдармен марапаттады.

Өз сөзінде министр әріптестердің кәсіпқойлығын, бастамашылдығы мен жауапкершілігін атап өтіп, азаматтардың игілігі мен еліміздің өркендеуі жолында іргелі салаларды дамыту және мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыру жолында жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Марапаттарды алды:

  • Салааралық үйлестіру департаменті басқармасының басшысы Сәуле Жадрина;
  • Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті директорының орынбасары Ерлан Құлышев;
  • Қаржы және корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары Арайлым Смағұлова;
  • Заң департаментінің директоры Данира Сұраужанова.
  • ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова;
  • Жер қойнауын пайдалану департаменті басқармасының басшысы Саят Исатов.

Медаль Мемлекет Басшысының жарлығымен бекітілген.

Бұл медальға ие болу азаматтардың адал еңбегі мен Отан, мемлекет және қоғам алдындағы ерекше қызметін танудың маңызын көрсететін ін атап өткен жөн.