Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Конституция күнін мерекелеу аясында шара өткізді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Конституция күнін мерекелеу аясында шара өткізді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Конституцияның 30 жылдығын мерекелеу аясында салтанатты шара өтті.

Мерекелік шара барысында Министрліктің 3 қызметкері салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.

Заң департаменті директорының орынбасары Мадияр Албанбеков Конституция туралы дәріс оқыды.

Іс-шара аясында сонымен қатар монолог оқылып, Конституцияның тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі және құқықтық мемлекеттің дамуындағы рөлі туралы бейнеролик көрсетілді.