Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Кеншілер күні қарсаңында салтанатты шара өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Кеншілер күні қарсаңында салтанатты шара өтті.

Кеншілер күнін мерекелеу аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасы Президентінің атынан тау-кен және кен өндіру саласының ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыстады.

Министр кеншілердің ел дамуына қосқан қомақты үлесін атап өтіп, тау-кен өнеркәсібі индустриялық өсім мен тұрақты экономиканың берік іргетасы екенін айтты. Бүгінде салада 140 мыңнан астам маман еңбек етіп, Қарағанды, Шахтинск, Саран, Абай, Теміртау, Балқаш, Екібастұз, Риддер, Рудный, Лисаковск сияқты қалалар Қазақстанның кеншілер даңқының символына айналды.

Кәсіби мерекеге орай 20 көрнекті сала өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Екі маман «Құрмет» орденімен, төртеуі III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 14 кенші «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

Болат Жакенов – «Сокур Көмір» ЖШС техникалық директоры

Сәлімжан Түспаев – «Қармет» АҚ «Саран» кенішінің кен жұмыскері

 

III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен:

Жүзбай Төлегенов – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы Қ.И. Сәтпаеватындағы «Жезқазғанцветмет» Оңтүстік Жезқазған кенішінің №26 туннельдік учаскесі ПО 45 шахтаның үңгушісі

Нұрбол Сембин – Нұрқазған кенішінің туннель учаскесінің үңгушісі, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағандыцветмет» ПО

Ирина Холстова – «Қармет» АҚ көмір департаменті «Восточная» фабрикасының басқару пультінің операторы

Сергей Мирошниченко– «Qarmet» АҚ 5-разрядты үңгушісі

 

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

Дулат Асқаров – «КарСпецТехника» ЖШС жүк тиегіш машинисі

Светлана Божиева – «ТД Майкудукская Обработка» ЖШС директорының орынбасары

Иванов Евгений – «Рапид» ЖШС тау-кен өндіру машиналарының машинисі. Марат Жарманғамбетов – «Рапид» ЖШС тау-кен өндіру машинасының операторы

Мұрат Оразғожин – «Шерубай Көмір» ЖШС техникалық директоры

Мәншүк Матвиенко – «Болашақ» кенішіндегі оқпаншысы

Асқар Джанәділов – «Болашақ» кенішіндегі жұмысты ұйымдастыру және бұйрықтар беру жөніндегі аға тау-кен шебері

Нұрмұхамет Шаймирденов – «Қаражыра» АҚ БелАЗ-75306 жүргізушісі

Байболат Сейсенбай – «Шұбаркөл Премиум» АҚ тау-кен учаскесінің экскаватор машинисі

Андрей Демура – ​​№1 дайындық-тазалау жұмыстарының жерасты учаскесі Соколовская шахтасының 4-разрядты қырғыш жүкшығыр машинисі.

Михаил Свиридонов – «Соколовская» шахтасының 4-разрядты үңгушісі, тау-кен өндіру жұмыстарының жерасты учаскесі

Шартымбаев Кабул – жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу слесарі, 4-разряд, «Соколовская» шахтасының су бұру және шахта ішілік көлік жер асты учаскесі

Мылтықбай Ахметов – «Qarmet» АҚ «Тентек» кенішінің желдету және қауіпсіздік учаскесінің төртінші разрядты кен қазбаларын жөндеу бойынша бұрынғы жерасты кен жұмыскері.

Вячеслав Батов - «Майкөбен-Вест» АҚ тау-кен аршу учаскесінің бір шөмішті экскаватор машинисі.

«Бүгінгі таңда тау-кен саласында кәсіпорындарды ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, заманауи және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Әрбір кеншінің өмірі мен денсаулығына ерекше назар аударылуда, өйткені сіздердің қауіпсіздіктеріңіз – бүкіл сала үшін басымдық», – түйіндеді Министр.