Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Алматыдағы жаңа абаттандыру нысандарын аралады

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Алматыдағы жаңа абаттандыру нысандарын аралады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қала Урбанистика орталығы өкілдерімен бірге негізгі абаттандыру нысандарын аралауға қатысты.

Маршрутқа аяқталған «Терренкур-2» нысаны мен Достық даңғылының қайта жаңғырту жобасы енгізілді.

Аралау мақсаты — атқарылған жұмыстардың сапасын бағалау және Урбанистика орталығы сараптамалық ұсынымдар берген ағымдағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысу.

Ерекше назар жүйелі тәсілге аударылды: жайлы қалалық орта қалыптастыру, рекреациялық кеңістіктерді дамыту, тұрғындар үшін қолайлылық пен қауіпсіздікті арттыру.

Вице-министр абаттандыруда бірыңғай стандарттардың маңыздылығын атап өтіп, Алматы мен еліміз бойынша жобаларды іске асыру барысында урбанистиканың үздік әлемдік тәжірибелерін ескеру қажеттігін айтты.

Бүгінде өңірлерде Урбанистика орталықтарын құру басым міндеттердің бірі болып саналады. Бұл бірыңғай қағидаларды енгізуге, сапаны бақылауға және заманауи қалалық ортаны қалыптастыру кезінде халықаралық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді.