Алматы қаласында Қазақстан жобалаушыларының республикалық одағы ұйымдастырған «Жоғары жобалық деңгей - реформалардың табыстылығының негізі» атты Қазақстан жобалаушыларының халықаралық форумы өтті.
Форумға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов и Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бакытжан Базарбек, «Атамекен» ҚР ҰКП құрылыс қауымдастықтары мен жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Форум шеңберінде жобалау қызметіндегі проблемалық мәселелер, заңнамалық бастамалар және институционалдық тетіктер, құрылыс саласындағы жобалаушылардың, бас инженерлердің рөлін күшейту, жобалау және инжинирингтік қызметті жетілдіру; өзін-өзі реттейтін ұйымдарды дамыту және Құрылыс кодексі жобасы шеңберінде жобалау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жаңарту талқыланды.