Құрылыс саласын цифрландыру және кадрлық әлеуетті дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру аясында, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ кеңістігінде buildingSMART Kazakhstan ұлттық бөлімшесі buildingSMART Foundation емтихандық платформасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне толық бейімдеуді аяқтады.
2025 жылғы 20 тамыздан бастап қазақстандық мамандар buildingSMART International халықаралық стандарттарына сәйкес емтиханды ресми түрде қазақ тілінде тапсыра алады. Бұл қадамның негізгі мақсаттары:
buildingSMART Foundation емтиханы келесі негізгі ұғымдарды қамтиды: IFC форматы мен ISO 19650 сериялы стандарттары; ортақ деректер орталарымен (CDE) жұмыс істеу негіздері; ашық стандарттардың (openBIM) құрылыс қызметінің тиімділігі мен орнықтылығын арттырудағы рөлі.
Емтихан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Толық ақпарат пен тіркелу келесі сілтеме арқылы жүргізіледі: kazniisa.kz/buildingsmart-kazakhstan/professional-certification-foundation.