Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және ЕО компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. Шілде айында өткен Еуропалық Одақ іскерлік делегациясының Қазақстанға сапарының оң нәтижелері атап өтілді.
Самарқанд қаласында өткен ЕО-Орталық Азия бірінші саммиті аясында бекітілген 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растап, сындарлы және мазмұнды диалог үшін алғыс білдірді.