Солтүстік Қазақстан облысында урбанистика саласындағы астаналық тәжірибені зерделеуге арналған семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында урбанистика саласындағы астаналық тәжірибені зерделеуге арналған семинар өтті

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының орталығында урбанистика саласындағы астаналық тәжірибені зерделеуге арналған семинар-кеңес өтті. Семинарды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуаныш Кажкенов пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев жүргізді.

Семинар жұмысына облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары басшыларының орынбасарлары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, Петропавл қаласының Қала құрылысы кеңесінің сарапшылары қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар қала кеңістігін жоспарлаудағы заманауи тәсілдерді, қала құрылысы саласындағы астананың озық тәжірибесін енгізу мәселелерін талқылады. Үздік тәжірибелер мен заманауи стандарттарды қолдану елді мекендердің тартымдылығы мен функционалдығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар абаттандыру және қалалық ортаны жаңғырту жобаларының іске асу барысымен танысты.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.