Epsd.kz жүйесінің «Мемқұрылыскадастр» ААЖ-мен интеграциясы жобаларды сараптамаға беруді жеңілдетті

Epsd.kz жүйесінің «Мемқұрылыскадастр» ААЖ-мен интеграциясы жобаларды сараптамаға беруді жеңілдетті

Құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша пилоттық жоба аясында epsd.kz жүйесі Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен (МҚҚК ААЖ-мен) табысты түрде интеграцияланды. Бұл сараптамаға өтінім беру үдерісін айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдетуге мүмкіндік берді.

 Қазіргі уақытта келесі мемлекеттік қызметтер: 

– «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»; 

– «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»;

– «Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар беру» 

МҚҚК ААЖ және epsd.kz арқылы бірыңғай цифрлық кеңістікте қолжетімді.

Енді epsd.kz жүйесінде сараптамаға өтінім берген кезде пайдаланушы объектінің бірегей нөмірін көрсетсе жеткілікті – бастапқы құжаттар (АПЗ, эскиздік жобаны келісу) қала құрылысы кадастры жүйесінен автоматты түрде жүктеледі.

Бұл интеграция құжаттарды дайындау мерзімдерін қысқартуға, қағазбастылықты азайтуға және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.